Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  122


Автор: Сабыр Адай

Арам ниет айырмасын құрлықты

Бақыттысың атамекен жұртыңмен,
Оятады ойлы жанды махшарда –
Құдай берген дінің, салтың, ұлтыңмен.
...Ұлтыңмен!
Адамзаттың жаттығы жоқ Тəңірлік,
Құдай берген құт-береке тыныштық,
Қойса қайттің тозақ отын жалын ғып.
...Жалын ғып.
Адам Ата қанымыз бір көппенен,
Бəрі туыс имандының ақ тілек,
Көп гүлдерміз бір тамырдан көктеген.
...Көктеген.
Жер жетеді ой асылы дамыса,
Арам ниет айырмасын құрлықты,
Ел бүлінер Ер иманнан арыса.
...Арыса.
Арқа тосар абзал іске, кім жүкке.
Адамзатқа бірлік, білім, иман бер,
Бірін-бірі қадірлесін тірлікте.
...Тірлікте.
Жетті бəрі қан төгістік, ұрыстық.
Адастырды, айдап салды, тоздырды,
Таптық содан қане қандай ырыс-құт.
...Ырыс-құт.
Өлтірді ғой ақыл-есті тұмшалап,
Азғантай топ айға қала салып жүр,
Терімізден теңге сауып жұрқалап.
...Жұрқалап.
Таң болмайды күте білсек атпайтын.
Біз бауырмыз!...Ал шайтандар құрысын!...
Алла бар ғой адамзатты сақтайтын.
...Сақтайтын.
* * *
Орман өлді өрт ішінде шуласып,
Аңқау өлді, арам менен қу қашып.
Өрт пен құйын жасап жатыр дегенін,
Өзімшілдер туласып.
Кəрі қайың бұл қайғыдан сұлады,
Тал шыбықтар жармай кетті бүр əлі.
Бала құрақ басын тығып жылғаға,
Жанға пана сұрады.
Қамсыз орман қабырғасы ырсиды,
Кім тиді!?...
Менен басқа кім сұрасын обалын,
Ақ жағашыл қарын мен бас шыртиды.
Ынжықпын ғой үнсіз қалдым оқталып,
Шындық іздер жоқ халық .
Орман өлді, орманшыны қаралап..,
Ол байғұс та кетті сосын сотталып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу