Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  100


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Күнә

Туған жер-ай, кіндік үзбес киелім,
құмықтырып шықпай жүрген күй едің.
Қыңыр көшіп, қиыр қонған, сенделген,
қисынсыздау тағдырыма күйемін.
Маңдайыңда қырық әжім қорым бар,
Маңдайымда қырық өрім сорым бар.
Әжіміңде әруақтар қабірі,
ал сорыма сатқындыққа орын бар.
Алғы күнге алаңсыздық орнаған,
сорым осы сағына алмай қор болам.
Айырбастап жіберіппін қалаға,
о, не қылған сатқын едім сорлаған.
Қолым жайып жын-шайтанның жолына,
қарғыс айттым ізгіліктің сорына.
Менен асқан болмағасын ақымақ,
менен аттам қалмай қойдың, о, күнә!!
Сағынбаған сағынышым көп күнгі,
ұятым боп жанарыма кеп тұнды.
Алақанын айға жайған бір сәби
мендей мәңгі бола алмайсың деп күлді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу