Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  91


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Бір ініме

Жаным-ау, ат үстінде жүргеніңмен,
Озбай ма қоңыраудан жыл керуен.
Бірде олай, бірде былай қу дүниең,
Адамның тасу қайда жігері үнем.
Шаруаның келмейді үнем оңы адамға,
Содан бір қайтса көңіл оңалама.
Қызынып барасың-ау қыр асқалы,
Барлық сəт ойдағыдай аралама.
Жөні бар білсең қалқам озардыңда,
Айна боп тұрмыс тұрсын көз алдыңда.
Адамдық бір алтын тақ астыңдағы,
Мансабың қонған қырау өз алдына.
Əйтеуір бір тауып жүріп пана сылтау,
Ашатын ағайынның арасын дау.
Аялап ағасынып сөз айтамын,
Əйтпесе өз қолымда жан асырау.
Табады еңбекке тəн кісі үлесін,
Сен оны менен артық түсінесің.
Өзіңді бір бауырың кетсе ұмытып,
Меніде сонда есіңе түсірерсің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу