Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  98


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Асығып

Болдым ба бала күнгі ойлағандай,
Ой! Арман жақын едік онда қандай.
Бəріне ойдағының жетпесем де,
Жетем деп шауып келем жолда қалмай.
Таңдадым намысы бар адамдықты,
Мен енді кім боламын онан мықты.
Өмірдің өзім сүйген құшағында,
Ылайық басыма бақ оралыпты.
Орыны зор болмасада ұлықтығым,
Жанымның мақтан қылдым тұнықтығын.
Егіліп сырласа алдым, мұңдаса алдым,
Жүректің түпте жатқан ұғып тілін.
Кісіме қуанышқа мақтанбаған,
Сыйлады талай шаттық ақ таң маған.
Тер-тер боп жол үстінде кетіп барам,
Асығып арман үшін ақталмаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу