Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  136


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Отан таңы...

Өшіріп борап тұрған оқтар үнін,
Сəулесі шашылғанда ақ таңының.
Əнімен бейбіт күннің ояндым да,
Азамат болар антпен атқа міндім.
Бестідей белім онда бекімеген,
Құлындай шаптым ерке өр тілеген.
Жанымның өзіңе арнар асылы боп,
Кеудемде жанып тұрды от бір өлең.
Ақталып армандарым тілектерім,
Болған соң жас жаныма тірек менің.
Аяулы арайлы таң өзіңе арнап,
Жайылған таза ұстадым жүрек төрін.
Əпердің шексіз бақыт шекті өмірден,
Есімде уылжыған көктем бірден.
Нəр алып ыстық-дарқан құшағыңнан,
Шешектеп қыр гүліндей көктедім мен.
Анасы бақытымның, мақтанымның,
Мен сенің алақанда баққан да ұлың.
Нұрыңмен суарылған қаламымды ап,
Шалқып бір шат көңілден ақтарылдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу