Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  77


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Сордан кейін

Жүрмейді сордан бөлек сыңар бақыт,
Құдайдан оны тілеп сұрауда артық.
Жеткенше күн шуақты күнгейіңе,
Талай күн бастан өтер тұманданып.
Саған тəн табандасаң күштің бəрі,
Жеткен жоқ жеңіске оңай ешкімде əлі.
Бермейсің қиынға ырық жанған күні,
Жүректің жалын қаулап ұшқындары.
Қыйынға сал өзіңді қолқанат қып,
Жүрмесін жоқтан өзге қорғалатып.
Ордадай ірге көмген орнығады,
Басыңа сордан кейін қонған бақыт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу