Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  77


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Ұлар

Түспесе де өрнек боп оюларым,
Төзбейді оны сызбай қоюға арым.
Өз тауымның бетінде өрбіп өскен,
Бар менің де үйірлі ой ұларым.
Бағуға оны қаншама тер төгілсін,
Жаным сүйген өзімнің ерке құсым.
Мені жоқтап сол ғана шақырады,
Ескерткіш боп басыма ертең үшін.
Келемін келтіре алмай бабында тым,
Болмаған соң мəуелі бағым алтын.
Жаным ұя балапан ойларыма,
Ұшыратын үмітпен бағып артын.
Кірпігіммен сыпырып кірлесе мен,
Арман атты келемін бір көшемен.
Күлімсіреп кетер ем көз жұмғанда,
Сүйегімді ұстаса бірнеше өлең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу