Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  80


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қалқан

Ниетің – жомарт күзімдей,
мен үшін сұсың жүзіндей
қайраулы қара балтаның
қағатын жалған, жалтағын.
Арамыздағы сезім-нұр
тұрғай-ды мəңгі үзілмей?..
Халқымның көңілі – қалқаным,
қалқаныма үміт артамын.
Көңіліңнен шықсам, қайралам!
Жыр-желіге мені байлаған
өзіңсің алтын арқаным!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу