Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  88


Автор: Фариза Оңғарсынова

Ұйқы

Ел ұйқыда. Тым-тырыс,
ауыл иті қалғиды.
Дауыл да жоқ. Қыр тыныш,
тыныштық та əрқилы.
Сөйлесе ауыл ағасы:
«Ел, ұйқыдан тұрғын!» – деп,
керіледі баласы
төсегінде міңгірлеп.
Өзгеріпті бүгін ел:
жатса бір ит сыртта үріп,
ауыл түгел жүгірер,
аяғынан тік тұрып.
Ел шулайды, іс қылмай,
заман құлқын байқай ма?
Дана сөзді қыстырмай,
жүгіреді айқайға.
Мысқылдап жұрт қарайды
ұйқылы-ояу сиқыма. –
оятатын талайды
намыс əлі ұйқыда.
Түнек пе əлде ақ таң ба –
білмен, кеудем тас қамыт,
ұйқы тəтті жатқанда
намысымды жастанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу