Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  210


Автор: Фариза Оңғарсынова

Баланый ойы

Əкем біреу, анам да біреу менің.
Мен жығылсам, сүйенер тіреулерім.
Олар барда – мереке.
Көрген емен
қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым əкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның!» – деп сөгеді.
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса да аға,
əке – жалғыз, табылмас ақшаға да.
Жамандасаң əкеңді, саған əкеп
жақсы əкесін бере ме басқа бала?
Əке – білек, саусағы – балалары,
қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана – тамыр бойымен бəріне де
тіршіліктің жылуы таралады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу