Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  90


Автор: Фариза Оңғарсынова

Мəшһəттағы киелі түн

Иə, Алла, қолда мені – қадыр түнім бұл менің,
өмір-сайқал қорлап еді, жанымды үгіп күндерім.
Қыдыр ата жолын бағып, таң күзетем мен бүгін,
құйын тірлік өңімді алып, көңіл сынық, шерлі үнім.
Қыдыр келіп қысылғанның жүрегіне жақса күн,
бейнесі боп Хұсыраудың не Баһман патшаның:
көңіл шіркін бұл түнге алаң, аруақтар жебер ме?
Қыдыр атам мүмкін маған Жəми болып келер ме?
Шапағатқа құндағың бай, тыныштық бер таңыма,
Хафиздың жырларындай рахат құй жаныма!
Мұңын серпіп сағым далам, сүйсінердей Жер, ғалам,
азаттықтың жалындаған ер рухын бер маған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу