Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  108


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қоштасу

Əлдилеп ақ сүт берген қайран анам,
жан əкем жанарымен аймалаған,
қош, менің аяулы асыл əжетайым,
қарағым келеді деп, Ай қараған.
Қайырмасы:
Қош, ауыл-құндағым,
балалық жылдарым,
достарым бір жүрген,
бір ойнап, бір күлген,
ертегі көктемім,
білмеппін өткенін...
Қыз-тағдыр осылай –
амалым жоқ менің.
Жеңгелер бал тамызған таңдайыма,
жапсырып жақсыларын тал бойыма,
аялап, еркелеткен ағаларым,
жүретін шаң тигізбей маңдайыма.
Қайырмасы.
Өсіп ем күміс күліп шашбауымда,
бұл тағдыр қыз балаға тасбауыр ма?!
Аттанып ақ ұямнан шыныменен,
жас келін атанам ба басқа ауылда?
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу