Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  271


Автор: Фариза Оңғарсынова

Ұлытауым

Қойылған ескерткіштей нұр күніме,
ұқсайтын туған жердің кіндігіне
киелі бір өлке бар қазағымда,
ту тіккен тірлігіме, бірлігіме.
Қайырмасы:
Тілімнің бесігі,
жырымның бесігі,
көңілдей кеңдігімен,
ерлігі, елдігі
жанымда өшпейтін, еңселі
Ұлытауым!
Ұлытау ұлылықтың байрағындай,
даламның алтын жалы, айдарындай.
Қастерлі, қасиетті тағдырымның
қалдырған тарихтарға айғағындай.
Қайырмасы.
Ұлытау – күн дидарлы сырлы аймағым,
сен жайлы шырқап салар тынбайды əнім.
Ата салт, ана дəстүр – қасиетіңнен
нəр алған суалмайтын жыр қайнарым.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу