Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  123


Автор: Фариза Оңғарсынова

Сақтандыру

Патша – күн, жұлдыз емес,
көртышқан құндыз емес.
Күн-жалын лапылдаған,
жоламас ақылды адам –
күйесің, өртенесің,
өртенсең, сор шегесің.
Көртышқан өлік құмар –
қаныңды сорып тынар.
Сөзімді ұқсаң, барла:
осынау мыс жалғанда
бойыңды аулақ ұста
Күннен де, тышқаннан да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу