Өлеңдер ✍️

  04.05.2022
  146


Автор: Фариза Оңғарсынова

Біреуге

Шықпайды деп ойлама жастан дана,
кəрі-жасы болмайтын тастар ғана.
Миы да жоқ, ойы жоқ шалдар қанша
басын бұлдар орап ап ақ шалмаға.
Ұқсап соғыс жылдағы басқармаға,
ел сыйлайды екен деп аспандама.
Ел сыйлайды сатусыз, құн дəметпей,
мейіріміңді сен оған шашсаң ғана.
Шын əулие болса адам, асқан дана,
«Мен əулие, – демейді, – жастар – бала».
Дана болсаң, басыңды и ұлылыққа,
мынау үлкен-кіші деп жас таңдама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу