Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  193


Автор: Рафаэль Ниязбек

БҰЖЫР ТОМАР

Көп көрініп өмірден алашағы,
Місе тұтпай күн кешкен аласаны.
Қалып қойған қасарып құм ішінде
Бұжыр томар – ауылдың қара шалы.
 Айлығы да қолына жиі тимей,
Ғұмыр кешті құйынды қилы күндей.
Ырсиып-ырсиып ашылған қабықтары –
Жалба-жұлба көнетоз киіміндей.
Өкпе артпады сонда да тағдырына,
Көгерем деп шомылып таң нұрына.
Бірер жылда орман боп шыға келді,
Тұқым шашып айнала жал, қырына.
Қыңа қоймай мезгілдің желіне ескен,
Толарсақтан бетпақтың шөлін кешкен.
Жас шырпылар – жетілген маңайында
Ұрпақтары сияқты өніп-өскен.
Мұңды жылдар жүрекке шер байланған
Артта қалып...
Бұл күні ен жайланған.
Бұжыр томар –
Жетім шал секілді бір
Тамыр жайып бір рулы елге айналған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу