Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  90


Автор: Рафаэль Ниязбек

СЕНАТОРҒА ХАТ

Тасбай мырза!
Ішіңе тоң қатқалы,
Кімнің басын бел будың орға атқалы.
Парламентке, кім білсін, сайландың ба,
Рухын таптап, жұртыңды сорлатқалы.
Мырза, өзіңе хат жаздым жолдағалы,
Асқақ рухын ұлтымның толғағалы.
«Петропавл қамалын салды, – дейсің, –
Қалмақтардан қазақты қорғағалы».
Талай мәрте бас салып қайғы азанда,
Қаным қайнап тасыған тай қазанда.
Тасбай мырза!
Айта ғой,
Білсең егер,
Қазақты орыс қорғады қай заманда?!
 Жұртты жаулап, ел тонап, қоңданғалы,
Жақын жерден от қару қолданғалы, –
Орыс қайта сақтанып қорған салған
Көзсіз батыр қазақтан қорғанғалы.
Ақ-қараның қан майдан күресінде,
Кім жеңіп, кім жеңілді – тұр есіңде.
Қалың қытай қазақтан қорыққасын
Алып қорған тұрғызған – білесің бе?!
Сұмның бәрі ішінен тынып келген,
Күні алдынан туғанда бүлікке ерген.
Сендей сұқсыр болатын,
Бодан етіп,
Сары орысқа қазақты жығып берген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу