Өлеңдер ✍️

  17.04.2022
  113


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТИІСТІСІҢ

Үлкен-кіші адамға,
Балаға да,
Жасын бөліп жаныңнан данаға да,
Көгеріш боп өсуге тиістісің
Құмы, тасы бораған далаға да.
Көз жіберіп ертеңге,
Өткенге де,
Суық ызғар жолатпай көктемге де,
Өзен болып арқырап жетуге сен
Тиістісің құба жон,
Көк белге де.
 Шуақ құйып өзіңе,
өзгеге де,
Зұлымдарды боларсың көздеген де.
Нұрың бірақ жатуға тиісті , аға,
Сексеуілде,
Жусанда,
Боз көдеде.
Зұлматтардың қадалып желкесіне,
Орнасаң да көктем боп жер төсіне.
Нөсерлетіп өтуге тиістісің
Мойынқұмның шөліне –
Өлкесіне.
Туған жердің талына, аршасына,
Жасыл орман көк шашып жартасына.
Бақыт болып қонуға тиістісің
Тірі жанның бәріне,
Баршасына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу