Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  106


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ШАБДАР

Жарыстың болса керек кәрі мықты –
тұяқтар тасты шашып тары қыпты.
Жеткенде нысанаға
Шабдардың тек
табаны қақ айырылып жарылыпты.
Майданға кетті әкеміз.
Содан қайтып,
ат қалды «Шабдар жорға» бола алмайтын:
Жорғадан – жүріс,
бізден әке кетті,
мезгіл құсап ізіне оралмайтын.
Ал, Шабдар тұрды суып күні-түні,
бір кезгі бәйгелері ұмытылып.
Есімде, бұзау шапса да елеңдейтін,
болды ма тұяқ үні – үміт үні?
...Арзан шақ – кез келгенге күле кетіп,
Шабдарға «әзіл ойлап» –
жүген етіп,
әрнені сылдыратсақ: жалт қарап бір
ышқына кісінеп кеп жіберетін...
1967




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу