Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  80


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

АЙТҚЫШ ДЕЙДІ БІР АСА…

…Айтқыш дейді бір аса,
әзілдері – жанар май;
сұлу-сұлу құдаша,
сүйіп-сүйіп алардай.
Дастарқанда – тамада,
тұрады-ау бір қыдиып,
қыздар жағын бағалап,
жігіттерге жымиып.
Жымияды…
Сонымен
бәрі “оңдалып” жөнеді,
бір қалыңдық жолымен
он қалыңдық келеді.
Той көбейер (үндеме),
той соңында:
о, құдырет,
құшақ-құшақ гүлменен,
альбом-альбом сүгірет.
Түйеді ғой жұрт ойды,
айтқаныңмен әзіл ғып:
бітуі екен бір тойдың
екіншісіне әзірлік.
1967, 1982




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу