Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  98


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ШЫНДЫҚ

Неге мұнша кешікті деп таңдана,
ас пісіріп күтпе көп;
жерім де көп бармаған,
ісім де көп бітпеген.
Кешікті деп қарама,
ерте келсем – ол да сын.
Жүрдім, рас, далада,
үйде өзің болғасын.
Кінә тақпа,
құрсыншы,
күттің, рас, күнімен.
Ауырып қап бір сыншым,
Көңілін сұрай кіріп ем.
Күткеніңді – ар көрме,
мән берме ондай-ондайға.
Жалақысы бар жердің,
Жиналысы болмай ма.
Өкпелейсің несіне,
ал, айтайын дұрысын:
кетіскен бір досыммен
табысып ем сыра ішіп...
1967, 1982




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу