Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  88


Автор: Абдрахман Асылбек

Сен болмасаң

...Мүмкін еді
Менің жанар, жанбасым да.
Бақытқа душар болар, болмасым да.
Ақын боп туғаныммен,
Неғайбыл
Ақын боп менің қалар, қалмасым да.
(Қ. ЖҰМАҒАЛИЕВ. Құбажан. 57-бет)
Шын досың болмаған соң дәл қасыңда,
Басына қиын істі салмасын да.
«Волгадан» кем көрмейді желдей ескен
Біреулер аяңдаған арбасын да.
Арғымақ алдағы орды аңдасын ба?
Ақындар самұрықтай самғасын да.
Сан рет сүрінеді, жығылады,
Жырлары жету үшін сан ғасырға.
Егерде сен болмасан дәл қасымда,
Мүмкін ғой менің жанар, жанбасым да.
Ақын боп туғаныммен, белгісіз-ау
Тарихта қалу яки қалмасым да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу