Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  110


Автор: Тортай Сәдуақас

ЖАЛАҢ АЯҚ ЖАР КЕШІП

Тұрғандай күліп ай көктен,
Биязы, тәжсіз күн көзі;
Ақша бұлт – алып әйнектен,
Жайлауға қарап тұрды өзі.
Шабындық бойын жағалай,
Жатады қайнар сылдырап.
Мұнда да – ай, бұлт, көкорай,
Арнада аққан бұлдырап.
Айтады құстар өлеңін,
Қояндар жортқан белеңін;
Аялап жасыл желегін,
Аяңдап мен де келемін.
Жидек жеп,
Қунап көгінде,
Қайнарға жетем қадамдай;
Сүйемін суын, жерін де,
Сүзектен тұрған адамдай.
Мылтықпен емес, таяқпен,
Шарлаймын шалқып өрісін;
Жүгірем жалаңаяқ мен, –
Зор бақыт осы мен үшін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу