Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  95


Автор: Тортай Сәдуақас

Ольга Берггольц

 Жарықты жасыл сүйемін, Жол ашқан дәйім ол маған.
Ағытпас сырдың тиегін, Сүймеген, ғашық болмаған.
Ақырын қалқып ақша қар, Ериді тиіп ерінге.
Мүмкін-ау бәрі, патшағар, Басымнан өткен менің де.
Қалжырап әлде қалдың ба, Тыншымас қайран көңілім.
Тар ма жер, жатқан алдыңда, Аз ба әлде, жастық өмірің.
Табиғат сонда дәлелдер, Отымен әлсіз көгілдір:
Жол ашық, өт, бұл әлемде, – Сағыныш, сүю, Өмір – гүл...
1943




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу