Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  99


Автор: Абдрахман Асылбек

Ұстара

Танысыммен жол үстінде кезім кеп,
Қона салдық тауып бір бос пананы.
Нені көрдім? Жолдасым тұр безілдеп:
Әзілдесіп ұйқтаған ек көңілді,
Енді досым тым басқаша көрінді,
«Ах, ух!» дейді ауыртқандай жерін бір.
«Не болды, дос, сырқаумысың біртүрлі?»
«Жоқ, ойбая, алып тұрмын мұртымды».
«Тек сол-ақ па?» – Қарап едім – танысым
Айна алдында тұр екен, қашып кеткен әлпеті,
Бас терісін сыпырып жатқандай-ақ әлдекім.
Ақырында біліп істің мінісін:
«Бұл не? – дедім, – өзіңді-өзің қорлайсың.
Ал, мынау бір ұстаған
Өтпес орақ секілді ғой ұстараң,
Қырынбайсың, мұнымен тек сорлайсың».
Мойындайын тек бірден
Ұстарамның нашарын.
Түк білмейтін жан емеспіз аса бір;
Кесілем деп қатты қорқам өткірден».
«Достым, саған мол сеніммен айта алам:
Өтпес пышақ қол кесер,
Өткір пышақ жөн кесер,
Тек дұрыстап пайдалан».
* * *
Бұл сөзімнің мәнісін ұқ келелі:
Кейбіреулер бар шындықтан қалыс қап,
Ақылдыдан алыстап,
Ақымақтың айтқанына сенеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу