Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  118


Автор: Нұрлан Оразалин

Жанарыңда көлеңке....

Жанарыңда көлеңке, жарық барда,
құр бекерге алқынба, арып-талма.
«Сабыр түбi – сары алтын»… сарсылмағын,
сонда ғана ұқсарсың алыптарға.
Шабар тұста – жүйрiктi бер еркiне,
қарайлама мезгiлдiң жел, өртiне;
қапы қалсаң, қалғаның несiбеңнен,
«пысықайлар» қызығын көрер, түге.
Әлдекiмдер көрсетiп ерке қылық,
тiршiлiктiң шанағын шертедi ұрып;
ерте жылап, апыр-ай, әлдекiмдер,
әлдекiмдер келедi ерте күлiп.
Әлдекiмдер соны ойлап «жер тебедi»,
әлдекiмдер мұңайып, өртенедi;
дүниенi «әлдилеп» әлдекiмдер,
көрер күнiн тауыспай, ерте өледi.
Жанарыңда көлеңке, жарық барда,
шабар тұсты анықта, арып-талма…
Ғұмыр кешсең, ғұмыр кеш адалынан,
«арқа сүйеп» аруақты алыптарға…
қазан, 1982 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу