Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  111


Автор: Абдрахман Асылбек

Тордағы аю

Қорбаңбай
Торға түсті – сор қандай!
Ажалменен алыстан қылжаңдасаң қылжаңда,
Қорқынышты ол қасыңа кеп тұрғанда.
Еш өлгісі келмей, Аю толғанды-ай.
Төбелестен қашпас еді тап қазір,
Өзі торға шырмалып,
Жан-жағынан ұр да жық
Сойыл, мылтық және иттер қаптап жүр.
Қалмаған соң нар күші,
Енді Аюдың келді ақылмен алғысы.
Деді аңшыға: «Достым, қандай күнәмен
Айыптымын мына мен?
Неге менің басымды сен алмақсың?
Ел өсегін тыңдай ма әлде құлағың?
Басқашамын, қарар болсаң аңдап шын,
Иланбасаң, көршілерден сұрағын,
Маған ғана барлық аңның ішінде
Ешкім кінә тақпайды,
Өлі адамға тимейді деп мақтайды».
«Рас, – деді аңшы қатқыл пішінде, –
Марқұмдарға керегі де сол еді;
Кезіккендер оңды ма?
Сенен аман құтылғаны болды ма?
Өліні жеп орнына,
Тірілерге тимегенің жөн еді».


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу