Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  131


Автор: Абдрахман Асылбек

Шаруа мен жылан

Жылан келіп Шаруадан өтінді,
Балаларын бағуға,
Адалдан нан табуға,
Еңбек етіп өтімді:
«Жыландардың жаман аты тараған,
Сондықтан да бар адам
Шошына қараған,
Нағыз жау деп санаған.
Ойлайды олар бұрыннан:
Жоқ деп бізде туыстық пен жарасым,
Оңбайды оған ұрынған,
Керек десе, жей салар өз баласын.
Мүмкін, солай, мен бөлекпін алайда,
Ниет қылман, шақпақ түгіл кісіңді.
Зұлым болу жарай ма?
Нанбасаң сен, суырып ал тісімді.
Усыз да күн көремін,
Оған сенемін.
Қысқасы, арыл күманнан,
Момынмын бар Жыланнан,
Ұлдарыңды сүйіп бағам, бұған нан!»
«Бұл сөзіңе, – деді Шаруа, – мол сеніп,
Кіргізбен үйге мен сені.
Болсаң-дағы бір Жылан,
Сене қалсам сендейге,
Жылжыған
Еріп келіп мың Жылан,
Балам түгел өлмей ме?
Мейлі, қанша бұлаңда,
Сөзің миға қонбайды.
Жақсы деген Жылан да
Маған бауыр болмайды».
* * *
Әкелер-ау, түсініңдер бұған да...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу