Өлеңдер ✍️

  18.03.2022
  103


Автор: Нұрлан Оразалин

Асықпа, дос....

Асықпа, дос, тақпа мiндi,
мен ешкiмнен сұраман бақ-дарынды.
Бөлiссем де қуанған сәттерiмдi,
көрсетпеспiн мұңайған шақтарымды.
«Намыс» деген ақ алмас емес пе едi,
кiрдi бүгiн түсiме, елестедi.
Тепсiндi де, бiр дауыс тебiрендi –
сiлкiнгендей болды тау белестерi,
Намыс менiң көзiме елестедi.
Дауыс келiп сабады өктем-өктем,
қалай, қашан мен оны өкпелеткем?!
Бiр уыс қып бүрдi кеп қас-қағымда,
түстi есiме күндерiм текке кеткен...
Түстi есiме уақыт көктеп өткен,
айларым мен жылдарым өртке кеткен.
Әлдеқайдан сыңсыды сары ала қаз,
қолын баяу бұлғады шертпе-көктем.
Дауыс менi соққылап бастан қатты,
Намыс менi жерге ұрды, аспандатты.
Күлейiншi деп едiм күлкiм қашты,
жылайыншы деп едiм жас қалмапты…
24 желтоқсан, 1976 жыл –
24 желтоқсан, 1980 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу