Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  95


Автор: Абдрахман Асылбек

Шошқа

Шошқа байдың қорасынан көрінді,
Атқораға, ас үйге де емінді.
Қопыратып қоқысты да көңіңді,
Жуындыға шомылды.
Оралды ол үйіне
Нағыз Шошқа күйінде.
«Ал, Шошеке, сен ол жерден не көрдің? –
Деп Шошқадан сұрады. –
Айтшы мынаны,
Байдың мүлкі тек асылдан тұрады,
Дегендері рас па екен көп елдің?»
Қорс ете қап деді Шошқа: «Жоқ, ә, бір,
Айта салған мұндй сөзге сенер кім?
Бар байлығы – боқтық, қоқыс, көң әрі.
Аямай күшімді,
Сыртын да, ішін де
Қопардым қораны».
* * *
Құдай ақы, бұл айтқаным масқара,
Қалайынша теңемессің Шошқаға,
Кейбіреулер қай істе де бассала,
Көз салмаса кемшіліктен басқаға?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу