Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  84


Автор: Абдрахман Асылбек

Басшы піл

Болғанымен күшті кім,
Болса, бірақ, санасыз,
Әрі жұмсақ мінезді – бәлеге одан қаласыз.
* * *
Келді орманға басшы болып күшті Піл.
Ақылды деп айтқанымен Пілдерді,
Жанұяда болмай қоймас бір кемдік:
Иә, біздің Піл шенді,
Толық еді тегінен,
Бірақ та, ол емес-тін қарапайым тегіннен.
Шыбынды да налытпайтын Піл еді,
Сол басшымыз көріп отыр, міне, енді,
Қойлардан кеп арыз түсті тақсырға:
«Терімізді сылып бітті Қасқырлар».
«О, суайттар! – ақырды Піл, – сұмдық бұл!
Кім сендерге деген еді ұрлық қыл?
Аямаймын мұндайды».
Ал, Қасқырлар деді: «Әке, кешіргін,
Қойдан сылып ал деген бұйрығың ғой өзіңнің.
Ақымақтар неге сонша шулайды?
Әр бірінен бар-жоғы бір тері алсақ, өлмейді,
Соның өзін бергілері келмейді».
«Олай болса, – деді басшы, – барыңдар,
Жалған сөзге жаным қарсы, тұрмаңдар!
Бір теріден болса болсын – алыңдар,
Одан артық қылшығын да жұлмаңдар».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу