Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  123


Автор: Абдрахман Асылбек

Сарышымшық

Сарышымшық көк теңізге аттанды:
Мақтанды,
Өртеймін деп теңізді,
Естігенге сұмдық болды-ау дегізді.
Шошып кетті қаладағы көп халық,
Құстар ұшты топтанып.
Көру үшін көк теңіздің жанғанын,
Жағалауда қаптап кетті аңдарың.
Шымшық хабар таратқан соң сап дүбір,
Балықшы да қолына алып қасығын,
Жұрттан бұрын келіп жетті асығып,
Ішпек болып балық сорпа тәтті бір.
Байлар-дағы пайдаланып сәтті бұл,
Жол бермей жүр хатшыларын басынып.
Кимелейді, бірін-бірі қағады,
Кереметті көруге асық бүгін нақ.
Әлдекімдер қояды ептеп сыбырлып:
«Қайнайды енді, міне, міне, жанады!»
Өртенбеді көк теңіз,
Қайнаған да жоқ теңіз.
Дейсіңдер ғой дақпырт немен тыншықты?
Қашты Шымшық, көпке қарай алмады.
Аты шықты Шымшықтың,
Бірақ, теңіз жанбады.
* * *
Дұрыс болар сақтану,
Әр істі сап ақылға:
Түк бітірмей мақұл ма,
Алдын ала мақтану?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу