Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  100


Автор: Абдрахман Асылбек

Шымшық пен кірпі

Ерте оянып оңаша,
Сары шымшық әнге басып тамаша,
Емес тіпті мақтан үшін қайдағы,
Өзінше бір сайрады!
Бар өнерін аямай, Көктің төсін аялай,
Шарықтады.
Деп тұрғанда бар әлемге жан бердім,
Құйқылжыған ән бердім,
Бұлбұл хоры тоғайда қалықтады.
Тынды Шымшық. Мұны көріп Кірпі бір,
Астына алды күлкінің:
Неге үзілді күрт үнің?»
«Әсем дауыс менде жоқ
Бұлбұлдайын таң аруын жырлаған, –
Деді Шымшық жасын іркіп мұңдана, –
Әлсіз үнмен қайтейін бос пенде боп?».
* * *
Соны ойлап, қиналамын мен де көп,
Берсе Тәңір кереметтей сырлы әуен,
Шын ерлікті жырлар ем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу