Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  211


Автор: Рафаэль Ниязбек

БОЙДАҚ ЖІГІТТІҢ ӘҢГІМЕСІ


Бірге өскен дос кезігіп кешегі,
Үйленгенін әңгіме ғып бөседі.
Тойларында болғандар да солардың,
Бақыттары шіркін жанған деседі.
Жеңгем ол да ойнап бірде, ай тегі,
Тұрмыс құрып етегіңді жай деді.
Бізбен жасты құрбы қыздар тым ерте,
Бізден бұрын үйленбесе қайтеді.
Мен ұнатқан бір кездегі кекілдім,
Қайда, кіммен кетуге сен бекіндің.
Таласымның жары болып морығып,
Ақ әжемнің иегі боп кетілдім...
Әзірге осы жүрегімде күй тасып,
Жүргенім жоқ сан қызықпен ұйқы ашып.
 Мезгіл жетсін.
Кетеміз ғой бір қызбен,
Жақсы өлеңнің жолдарындай ұйқасып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу