Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  107


Автор: Рафаэль Ниязбек

ӨЛЕҢ ЕКЕН ДЕП ҚАЛАМ КЕЛЕ ЖАТҚАН


Көктем болып жүгірген елге күнде,
Сәуле ойнаған ақынның келбетінде.
Қара өлеңі қазақтың аман болса,
Сен де бірге жасайсың жер бетінде.
Сардаланың қызы едің тау сағынған,
Сені көріп сөзінен жау жаңылған.
Аттан, сірә, түспейсің,
Дүниенің
Қан тамшылап тұрғанда саусағынан.
 Туған елдің жаралған тілегінен
Ақын барда тірлікте кім егілген.
Ақиқатты көздеген оқтың бәрі
Өтіп жатты сенің д жүрегіңнен.
Тар бөлменің ішінде аласұрып,
Ақын қанша жыр жазған жаны ашынып.
Құлагердің құлыны кісінеген,
Сен бар жерде өлеңнің бағы ашылып.
Кеудесіне ақ шабыт түнегелі,
Алты алаштың келеді түлеп елі.
Тірі сөздің иесі болса егерде,
Сенсің, бәлкім, қазақтың тірі өлеңі.
Жалғандықтың бәріне жебе тартқан,
Ақын қыз ең өзені терең аққан.
Төбең сенің алыстан көрінгенде,
Өлең екен деп қалам келе жатқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу