Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  131


Автор: Рафаэль Ниязбек

АСПАН

Жылы самал алдымнан жиі еседі,
Көңілім де көңілді күй кешеді.
Жарқыраған жұлдыздар түнгі аспанда,
Шекпенімнің ақ алтын түймесі еді.
Шырқыраған шындықтың зары қалған,
Дүниенің бұл күнде бәрі жалған.
Білсең, айтшы, ағайын?
Аспан қалай
Менің алтын түймемді тағып алған?!
Жаратса да табиғат тылсым етіп,
Қателікті жүр дейсің кім түзетіп.
Киіп алып жұлдызды сұр шекпенін,
Аспан, сірә, ғаламды тұр күзетіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу