Өлеңдер ✍️

  10.03.2022
  142


Автор: Рафаэль Ниязбек

БІЛСЕҢ ЕГЕР...

Жүрегіне үңілген кім дұрыстап,
Дүр дүние кеудемде тұр тыныстап.
Қаны тамған Шындықты келеді әлі
Подвалдағы архивте тығып ұстап.
Қандай зауал төнсе де ел шыдайды,
Шаңырағы шайқалып желге ұшпайды.
Қорықпаса Шындықтан қоғам егер,
Подвалдың астында неге ұстайды?!
Ақиқаттың толқынын жүзген жарып,
Боздап мұңын шақпаған түзге налып.
 Нағыз қоғам Шындығын білгің келсе,
Подвалдағы архивтен ізде барып.
Жұрттың бәрі жасқанып, бұқпайлаған,
Заман аз ба басыңа бұлт байлаған.
Шындық іздеп түскендер подвалға,
Білсең егер қайыра шықпай қалған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу