Өлеңдер ✍️

  02.03.2022
  260


Автор: Қасым Аманжолов

Сырласым

Хат жоқ елден: достан да, жақыннын да,
Шынымен-ақ шіркіндер ұмытқан ба?
Жап-жалғыз тұңғиық ойға батып,
Ұқсаймын су түбінде отырғанға.
Жалғыз сенсін сырласым, осы өлең,
Ақын жыры, туысы, досы-өлең.
Мейлі мені ұмытсын дүние жүзі,
Жырлап тудым анадан, жырлап өлем.
1944




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу