Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  293


Автор: Елена Әбдіхалықова

Шарап ішсе тарқайды

«Шарап ішіп, тарқатпадым шерімді...»
Жанна Елеусізова



«Шарап ішсе тарқайды» деп кім айтар,
шерің – елім дегенің?
Біздің халық «ішкіш қой» деп мұңайтар
өксіткенде өлеңің.
Шарап ішіп шайқайтындай дүниені
шерге батып жүрген кім!?
қоңыр күннің бағынбады дүрмегі...
Құса болып үлгердім....
Тура сөйлеп сындырады тіл нені?!
Жете алмаған жырға түк...
.... Тіршіліктің түрі суық бір демі
тамағыңды құрғатып...
Ішеміз ғой, дүкендерде тұрғасын,
(Ондай шақта дос табылғыш.
Неліктен?!)
Бұл ғаламға сыймағанда бір басың,
Үмітіңді жел үккен...
Ішеміз ғой, (ойлап тапты ішсін деп),
Ішегіңді бұрағанда мұң азғын,
Ірің күннен жүрген кезде құсқың кеп,
Біраз күн...
Ішеміз ғой, (ақылымды ішкем жоқ!)
Ішпейтіннің ақылды ма барлығы!?
Татып алмай табандарға түскен көп
Тектілерге зар күні.
Шарап ішсе, ақын ішсін,
Басқалар...
Иісін, ойбай, білмесін.
Ар, сананың адалдығы аш қалар
Аулақ салсын іргесін.
.... Ішеміз ғой, көңіл қалғыш, бұла тым,
Бермеген соң нұрлы бақ.
....Күйіп, ішіп өткен кезде бір ақын,
Күліп тұрар жыр, бірақ.
2008 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу