Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  293


Автор: Елена Әбдіхалықова

Шілде

Шіл бітпейтін шілде – өмір
Шыдамымды шынжырлап,
Солмайтұғын гүл ме бұл,
Күні күлген сыңғырлап.
Жалғыздық-ай десеңші,
Жоғалмайтын жаныңнан,
Жыласаң да мың жылдап.
Кетеді әні, келмеске,
Жаз өмірің күні ертең,
Енді маған өлмеске,
Серт бере ме жыр – өлкем?
Күзбен бірге қуарып,
Сағынышпен күнелтем.
Қайрылмайтын күндер-ай,
Жоқтайды екен кім ертең!?
2008 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу