14.02.2022
  206


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КІП-КІШКЕНТАЙ КӨЖЕГІМ

Кіп-кішкентай көжегім,
Сенсіз қалай төземін.
Жатқаныңды жатырқап,
Жаныңа кеп сеземін.
Дыбысты тез сезесің,
Кіп-кішкентай көжегім.
Үкі жеген енеңнің,
Үйде қалған көзі едің.
Алдыңа шөп жаяйын,
Сипап, жақын таяйын.
Жапалаққа жем болып,
Кете ме деп аяймын.
Кіп-кішкентай көжегім,
Қолдан шықсаң безесің.
Дала суық болғанда,
Оған қалай төзесің.
Қос құлағың жымиып,
Көздеріңе түн ұйып.
Жатасың да қоясың,
Уыстай боп тымпиып.
Берген жемді жесеңші,
Шақырғанда келсеңші.
«Танысайық» дегенде,
«Ақ көжекпін» десеңші?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу