Қоян туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 21
Жұмбақтар: 34
Тақпақтар: 24
Өлеңдер: 17
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 15
Поэмалар: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 2

ҚОЯН
Секең-секең ақ қоян,Саған не деп ат қоям.Сәбіз берем, шөп берем,Көжегіңді бақ қоян.
©  Жәди Шәкенұлы
Қоян
Қояндар секектеп,Құлағын түреді.Қасқыр жеп кетед деп,Суылдар жүрегі.Серуендеп жортады,Секіріп жүр бүгін.Естісе қорқады,Қамыстың сыбдырын.
©  Нұртан Төлепбергенұлы
ҚАР-АДАМ. ҚОЯН
Талай-талай күліп емҚызықтарға сан қилы....Мына қоян түніменҚар-Адамды аңдиды.Қу қоянның ұғымыБелгілі ғой ондайда:«Қар-Адамның мұрыныТәтті сәбіз..
©  Ертай Ашықбаев
Жыл санау
 Тышқан айтты Сиырға:  «Жыл басымын биыл да!»Барыс кетпей Қоян даЖүреді бір қиырда.
©  Баянғали Әлімжанов
Қоян
Аппақ қоян, ақ қоян,Сондай қорқақ,сақ қоян,Біздің үйге тығылсаңСандығыма сап қоям!
©  Баянғали Әлімжанов
ЖОЛАМАЙТЫН ....
Көріп ем бір ақ қоян,Ұстауыма шақ қоян.Жуытпады маңына,Бұл не дегенсақ қоян.Шақырғанға келмеді,Ақырғанға көнбеді.Қос құлағы елеңдеп,Асып кетті..
©  Кеңесжан Шалқарұлы
АҚ ҚОЯННЫҢ СУРЕТІ
Ақ қояным,Қояным!Сені бағып, жаямын.Шыққан кезде күн көзі,Шығармауға аядым.Жерді аралап жер сіңген,Жайылшы бір еркіңмен.Ақша бұлттың бөлшегін,Көрем..
©  Кеңесжан Шалқарұлы
АҚ ҚОЯННЫҢ СУРЕТІ
Бір сызып ем суретін,Күшігіме ұқсады.Бір сызып ем.БілетінМысығыма ұқсады.Тағы сызып талпындым,Ұқсамады, болмады.Бердім бояу əр түрін,Көңіліме..
©  Кеңесжан Шалқарұлы
ҚОЯНЫММЕН ЖАРЫСТЫМ
Қояныммен жарыстым,Алдан самал гуледі.Жолдың жақын, алымынЖүгіргенмен білмеді.Ештеңеге ұрынбайЗыттым!...(Басты тер енді).Ақ қояным бұрылмайАқ құйын..
©  Кеңесжан Шалқарұлы
ҚАР ЖАУҒАНДА
Ең алғашқы қар жауды,Борандатып басылып.Маңайдағы бар тауды,Мақтаменен жасырып.Ауылымызда ақ мамық,Жамылғандай болыпты. Қоян жүрген бақшылық,Біркелкі..
©  Кеңесжан Шалқарұлы
ЖАҚСЫ БОЛСАҢ
Жас балауса егін де,Жоңышқаның көгін де.Берем сəбіз тағы да,Жақсы болсаң тегінде.Сол болса егер керегің,Айтып əн де беремін.Саған арнап сайлардан,Тау..
©  Кеңесжан Шалқарұлы
БҮКЕҢ-БҮКЕҢ ЖҮРЕСІҢ
Бүкең-бүкең қағасың,Жеміңді іздеп табасың.Қимылыңды қызықтап,Жамылдым тал саясын. Тұрпатыңа күлемін,Соңыңа еріп жүремін.Қос құлағың..
©  Кеңесжан Шалқарұлы
КІП-КІШКЕНТАЙ КӨЖЕГІМ
Кіп-кішкентай көжегім,Сенсіз қалай төземін.Жатқаныңды жатырқап,Жаныңа кеп сеземін.Дыбысты тез сезесің,Кіп-кішкентай көжегім.Үкі жеген енеңнің,Үйде..
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ер қоян
Бірде қоян білекті түріп алды,Сөйтті де тракторға мініп алды.Төрт түлкіні байлап төрт дөңгелекке,Масаттана қарқылдап күліп алды.Мазақ қылып, бақыртып..
©  Абдрахман Асылбек
Қуыршақтар
Бізде де бар қуыршақ,Аю, қоян, құлыншақ.Қуыршақтар ойнайды,Айтқаныңды тыңдайды.Тыңдамаса егерде,Ойнамайды бізбен де!
Қоян
Мен қоянмын, қоянмын, Аппақ қарға бояндым.«Достар тағы келер» деп.Ертеменен ояндым.
Қоян
Қоян,қоян тұршы.Беті қолыңды жушы.Шашыңды тарашы.Айнаға қарашы. Аппақ көйлеу киіп алып,Билеп-билеп берші.
Сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян,Естіп қалып сыбдырды,Ойлы қырлы жерлерменЫтқып ытқып секірді.Қарап еді артынаҚиығын сап көзінінКеле жатқан томпаңдапКөжегі екен..
Қоян
Қоянға тұру суық,Қоянға секіру керек.Ытқып-ытқып,Қоянға секіру керек.
Қоян
Қоян отырса суық,Аяғын жылытайық.Хлоп-хлоп-хлоп-хлоп,Аяғын жылытайық.
Сұр қоян
Сұр қояным отыр,Қулақтарын қозғалтып.Былай, былайҚулақтарын қозғалтып.
Тентектікті қойыңдар!
Тиіспе, күшік, қоянға,Тентектікті қойыңдар!Кикілжің жоқ араңда,Тату-тәтті болыңдар!
Қоян
Қоян, қоян тұршы.Беті қалыңды жушы.Шашыңды тарашы,Айнаға қарашы.
Қояным
Бір қоян асырап келемін,Оған мен көп уақыт бөлемін.Өзі бір сүйкімді,Бар меніңСол үшін шығарған өлеңім.Кісіге қараған кезіндеБір үрей тұрады..
©  Қадыр Мырза Әли