Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  91


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТҮНГІ РИГА

Даугава, Балтық самалы,
Табысып тасты жағада-ақ.
Таксидей қуып барады,
Тал бойын көше аралап.
Теңіздің барлық янтарын
Шашқандай қала ішіне.
Жағылған шырақ-шамдардың,
Жастық бар жарқын түсінде.
Күндіздей теңіз іргесі,
Күлімдеп көкте нұрланды ай!
Көрікті қала суреті,
Көрме боп суда тұрғандай.
Жарқ-жұрқ етіп жасындай
Қатердің төбел маңдайы.
Музыка үні басылмай,
Жастары биге қанбайды.
Шағала ұшып жағалап
Құсындай түннің жүреді.
Суында фонтан «ға-ғалап»
Сұқсырдай үйрек жүзеді.
Сарайдай самсап бір өзі,
Көз жауын алар порт жағы.
Жұлдыздай ағып жүреді,
Рига транспорттары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу