Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  97


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЯНИС ҚАРТ

Күнде көрем бір қартты
Көлдің суын шөптеген.
Бойы ұзын,
сұңғақты.
Еңбек еткен еппенен.
 Гүл алаңын баптаған,
Жеміс ағаш тағы бар.
Көктем таңы атқаннан,
Осы жерден табылар.
Дубултының өңірі,
Шындығында жыр өзі.
Өміріне көңілді,
Күнде əн сап жүреді.
Бір күні кеп таныстым,
Янис деген қарт екен.
Əн сап жүру латыштың,
Атасының салты екен.
Тоқсан жасқа келіпті,
Оған ешкім сенбейді.
Еңбек етіп ерікті,
Еппен жерді өңдейді.
– Зейнетақы жетпей ме,
Жатпайсыз ба демалып?
– Еңбек өмір шектей ме, –
Қарт күлімдеп деді анық.
– Зейнетақы жетеді,
Бұл еңбекке ақы алман.
Уақыт зулап өтеді,
Қол қусырып жата алман.
Ақыл-ойың толған оң,
Халық қамын білесің,
Латыштар аз болған соң,
Қосқан менің үлесім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу