Өлеңдер ✍️

  12.02.2022
  123


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АЛЫП АДЫМ

ЕКІНШІ БӨЛІМ
Вашингтон!
Париж,
Берлин,
 Бежинге...,
Сапарлады бермей тыным өзiне.
Сонда Елбасы қиыр шетте жүрсе де,
Тұрды Ақмола жыр толтырып сезiмге.
Қазақтардың небip ұлы дарасы,
Болған өңiр Сарыарқаның даласы.
Президент жүрсе дағы шетелде,
Болды көздің ағы менен қарасы.
Демирелмен кеп сырласты туыстай,
Түркия да таза ауамен тыныстай.
Естігенде жаңа Астана жөнінде,
Тұрды Түрiк президентi дұрыстай.
– Келе жатқан ежелден-ақ аталып,
Қазақстан бiзге ыстық Атажұрт!
Бiз көмектi аямаймыз əрқашан...,
Өрлей берсін, гүлдей берсiн жасарып.
Тегiмiз бip.
Бipre болған жайымыз.
Оңымыздан туа берсiн Айымыз.
Жас шаңырақ бақыты үшін əрқашан,
Қол созуға дайынбыз!
Ағылшындар, француздар, немістер...
Шеттерінен бизнесшіл, ер, іскер.
Ақмоланың үйлерiне кірпіш боп,
Көшесіне болды жаңбыр күміс тер.
Нұрсұлтанның бос өтпедi əр күнi,
Жүзеге асты көкейкестi ic əртүрлi.
Арабтардың шаһтарынан оң тiлек,
Құрани сөз Алла атынан айтылды...
Осылайша ғалам елмен қатысып,
Қасиеттi дəм-тұзымен татысып,
Барысты да, танысты да, алысты....
Достық көңiл алақанда жатты ысып.
Жан-жақтағы қатынастар адамдық
Болған кезде көкiрегін де санаң сүт.
 Батыс, Шығыс, ар жағына мұхиттың,
Барғандығы –
Болды Елбасына қадам құт...
Еңсесi өстi Есіл атты өзеннің,
Толқынындай өлең толды өзегiм.
Жағалауы танылмастай өзгердi,
Ұлы Бiрлiк құдіретін сеземін.
Тілдеседi зəулiм үйлер көкпенен,
(Аласарып кеткендей-ақ көк деген).
Салтанатты сарай сəнi артса да,
Көшесiнен жусан исi кетпеген.
Ошағымның үш пұтындай көпір кең,
Келбетінде түрлi түстi не түрлi өң.
Бала ғасыр кеше ғана аттанды,
Елдігіме сүйсініп сол көпірден.
Қандай ғажап жастарымның сарайы,
Арманына жеткізетiн талайды.
Қажымұқандар содан шығып,
Ермектің
Асқақ əні Астанаға тарайды.
«Жетісу» мен «Сарыарқаның» ауданы,
Гүлге толып құлпырады баулары.
Алматымның тура өзі боп шығады,
Болмаса да Алатаудай таулары.
Таңданады.
Таң болады ел көңілі,
Жаса бiздің жаңа ғасыр ерлерi.
Сарыарқаның самалымен ecіліп,
Бұрқырайды даңғылдарда ерменi.
Бiр кездегі ақ сүтке мол Ақмола,
Аталдың сен Арқадағы аққала.
Нұрсұлтандай Елбасының ойымен,
Бастады ғой бүгін мiне, бақ қона.
Аспаныннан аумайды ендi жарық күн,
Аптабына кеттi мүлдем жанып мұң.
 Сүйенгеннен күштi болып сүйеуің„
Иең болсын деген осы халықтың.
Ең басты иең Қазақ болса.
Сол елден –
Туған ұлың – Елбасына сенем мен!
Айқынбектер табасына қалмастан,
Жеттiк мiне,
Орғып өтіп белеңнен.
Ойланды Иең дұрыстап бip бас бар да,
Жасқатпастан Қазақ жерін басқаға.
Ару қалам Алматыммен теңесіп,
Саған ендi деп айтады: «Астана».
Қайшылықтар көп болғанмен басқа да,
Сияқтысың қаз-қаз басқан жас бала,
Желтоқсанның жiгерiмен қол жеткен,
Егемендi елiңе сен,
Астана!
Кең далаң да ырысым бар егілген,
Құдіретім, қасиетiм, тегім сен.
Астана емес, Ақмола боп тұрғанда
Бүйрегiм боп жүрушi едің тегіннен.
Ақдымың мен Күншалғанды білемiн1
,
Қу сағаңның жазығында жыр едiм.
Құлагердің қаны сенде төгілген,
Қасіретке ауырады жүрегім.
Сұңқарлың да сусар аулап болғанмын,
Ерейменнің басқам талай жолдарын.
Астананың атын естіп, асқарлап,
Алматым да ақының боп толғандым.
Сарыарқада сəн көтеріп көріндің,
Көшелерің көсілген нұр, төрің Күн.
Төрт дүние төресiндей бүгін сен,
Астанасы болдың Қазақ елімнің.
1 Ереймендегі үлкен шыңдар.
 Көмкерілiп көз сүйiнер жасылмен,
Келбетің де кестеленген асыл өң.
Бipep жылғы үлкендiгің болғанмен,
Бipгe өсесің жиырма бiрiншi ғасырмен.
Мекенісің Егемендiк жалаудың,
Ордасысың думан толы алаудың.
Жаңа Астана келбетiне таңданбай,
Қиянат қой жайбарақат қарауың.
Бұл күндерi Қазағымның Арқасын
Думан қылып,
Балқытамыз əр тасын.
Құлагер боп қоғамымыз барады,
Быт-шыт қылып Батыраштар балтасын.
Көре алмаған қара жүрек күйiнсін,
Қазіргі кез халық үшiн қиын сын.
Ағайындар қуаныңдар Адамша,
Болсын жаңа Астанаға сүйiншiң.
Өттi талай өкпегі бар қилы күн,
Тербелдiріп көңілдегi күйдi мұң.
Барымызды бақ санайық бəрiмiз,
Болсын жаңа Астанаға сыйлығың.
Астана үшiн гүлдер де көп ашылған,
Күмбiрлi күй, шарықтаған ғашық əн.
Ұлы Бiрлiк, Береке үшін алыңдар,
Шашуынан отшашу боп шашылған.
Астанам да ару қыздай гүл жыр жүздi,
Асқақтатып жақсы армандай тұр Бiздi.
Алып аспан көрiмдiгі болсын бip,
Астанама жаудыр барлық жұлдызды.
Қазiргідей қатпарында қиын күн,
Күмбiрлеуiн тоқтатпаймын күйімнің,
Жаңа Астана жайлы жазған бұл Дастан,
Егемендi Ел қуанышына Сыйлығым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу