Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  127


Автор: Құл-Керім Елемес

ҚҰЛЫНЫМ

Заң солай...
Дінді оқытпай надан болдым,
Сондықтан нәпсі әр басқан қадамда өлдім...
Өмірді өлі сүріп жүргенімде,
Дін келіп,
Құранды оқып адам болдым!..
Балам, сен дінді, шүкір, оқып өстің,
Көңілге хақты әліңше тоқып өстің.
Сондықтан ерте алмау шарт сені, балам,
Жастықтай жалыны ұрған оты кештің...
Орының одан сенің биікте тым,
Себебі тәрбие алды биікте есің.
Сондықтан бұзғы істен құлан түз кет,
Құлыным, адамдығың биіктесін!
Немесе ұста осы биігіңді,
Күшейтпей дүние отымен күйігіңді.
Құлыным, сонда ғана жүректегі,
Ашасың алдырмаған тұйығыңды...
2012.4.19




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу