08.02.2022
  254


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

Бес ағайынды Бармақ батыр және бөліс

Күрмеуі қиын, ойпыл-тойпыл дүниені бастан кеш- кен шапқыншылық заманы емес пе. Бірде же-


ңесің, бірде жеңілесің.


Қазақтың Бармақ деген батыры   жолаушылап келе жатып, ойда-жоқта тосқауылдап жатқан қал- мақтардың қолына түсіп қалады. Бұрыннан қорлығы өткенін білетін ата жаулары:



  • Өлтіру керек! – деп шуылдасады.


Қалмақ ханы Бармақты ордасына алдырып, ба- тырдан жөн сұрайды. Қазақ батыры:



  • Көріп отырсыңдар. Қаруым жоқ. Мен сендермен жауласуға келген жоқпын. Жолаушымын, – дейді.


Бармақты танитындар өршеленіп:



  • Мұның бізге істемегені бар ма? Қанға – қан!


Көзін жою керек, – дейді. Хан Бармақтан:



  • Неше ағайындысың? – деп сұрайды. Бармақ батыр тайсалмай:

  • Бес ағайындымын. Жәнібек, Жәуке, Есет, Сәрке бесеуіміз, – деп жауап береді.


Сонда қалмақ ханы шошып кетіп:



  • Ау, мұны құртқанымызбен, Жәнібек сияқты аға- інілері бізді тыныш қоймас. Сыйын беріп қайтарың- дар, – деген екен.


Сөйтіп тұтқын қазақ қалмақтардан олжалы қайт- қан көрінеді. Оған сол жолы қалмақтар сыйға тартқан қыздан қазіргі Қарабақ Уақ әулеті тарапты.


Әлгіндегі Бармақ батырдың бес ағайындымыз деп отырғанын енді таратып көрейік.


 


Бесеудің бірі Бармақтың өзі – Орта жүздің бір ата- сы Уақ. Жәнібек батыр мен Жәуке арғыннан шыққан. Есет – тама, Сәрке – табын, бұл екеуі – Кіші жүз.


Халқымыздың жүзге бөлінуі ыдырау, ырылдасу үшін емес, шыққан тегін ұмытпай есте сақтау үшін қалыптасқан. Бабаларымыз жүзге таралмай, ел шетіне келген жауды бірігіп, бірге қарсы алып, елі үшін кеуде- лерін оққа тосқан. «Бөлінгенді бөрі жейді» деген мақал тектен-текке шықпаса керек. Сондықтан да қазақ іші берекелі болып, осыншама аймақты анталаған жаудан аман алып қалған. Шындығында олар мекендерін де бейбіт түрде келісе отырып бөліскен. Мұндайда оларға билер мен батырлар, ел ағалары көмекке келген.


Жұрттың айтуынша, Торғай өзенінің арнасында бір кезде теңіз болған деседі. Өзеннің арғы бетінен басталып, сонау көкжиекке дейін мұнартып жатқан шағылдар* Тосын құмы деп аталған. Ел арасында жер шұрайлылығына қарап, «Тосындағы адам құдайдан қорқа ма?» деген де сөз кең таралған.


Қазіргі кезде өткен күннен ескерткіш болып қал- ған мекен атаулары әлі бар. Мысалы, Қаскелең, Борал- дай, Шамалған деген жерлер қалмақ батырларының атын иемденген. Тосын құмның аталуының тарихы да осындай көрінеді.


Бұрынғы заманда бұл жерді Тосын деген бір қал- мақ иеленіпті. Бір күні Жәнібек батыр алыстан жер шолып келе жатып әлгі қалмақ байының үйіне түседі. Тосын бай үйінде жоқ екен. Әйелі Жәнібектің алды- на бір аяқ қатық әкеліп қояды. Жәнібек қынынан пышағын суырып алып, аяқтағы қатықтың бетін айқара тіледі де, әйелге қайтарып беріп, атына мініп аттанып кетеді. Аң-таң болған әйел күйеуі келген соң батырдың келгенін, жасаған тірлігін айтады. Сонда Тосын бай: «Е, Жәнібектің жерді босат, босатпасаң еліңді осылай ойрандаймын» дегені ғой бұл деп үйін












 
  

 


*шағыл – белес-белес, жота-жота боп үйіліп қалған құм.


 


63


 


жығып, малын алдыға салып, ауылымен үдере көшіп кеткен екен. Сол ауғаннан қалың қалмақ бұл мекен- ге жоламапты.


Міне, білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана емес, ақыл-айла, айбарын да орайын тауып жұмсай білетін Жәнібек өз елінің жағдайын жасауға бар күш- жігерін салған.


Жәнібек батыр Тосын жерін ғана емес, тұтастай Торғай даласын азат етіп, алпыс арна Торғай өзенінің өн бойына ел-жұртын әділдікпен орналастырыпты. Тосын мекенін «Қара суы бал татыған, ақ шабағы май татыған» деп бағалапты. Халқына, өзіне еңбегі сіңген Досан деген кісіге:



  • Жаугершілік жорықтарда қара қосымды (шаты- рымды) талай жаяу арқалап едің, соның қарымы бол- сын, өз руыңмен Наурызымның қарағайлы орманын мекенде, – депті.


Өзі жақсы көретін палуан Жанұзақ Алдияр ұлына:



  • Таз руын бастап, оты-суы мол, малға пана, тоғайлы Обаған өңірін иемден, – деген екен.


Бөгенбай батыр шыққан Қанжығалыларға Сары- көл, Көшебені, Керей ұлысына Ұзынкөл өңірін, Әйдеркелерге Жаркөл төңірегін, Жылқыайдарларды Шобанға, Апай, Жолдыбай, Сарыжетім әулеттеріне Сарықопа бойын, Қыпшақтарға Жыланшық пен Ұлытау аралығын ұсыныпты. Сибан Керей мен Уақтарға да жер береді. Ол кезде аудан, облыс жоқтығын еске алсақ, бұл ата жолымен жасалған тең бөлісудің бір көрінісі еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу