08.02.2022
  154


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

Тарту

Бірде Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек батырлар қал- мақтар  барымталап,                  айдап                  әкеткен жылқыны қайыру үшін қарымта жорыққа аттанады. Сөйтіп келе жатса, соңдарынан қасқа ат мінген бір жігіт ереді. «Е, көлденеңнен қосылған біреу шығар» деп батырлар аса мән бермейді. Жүре-жүре бір жерлерге келгенде тізгін тартады. Қоржындарынан ас-суларын, қазы-қарта, жал- жая, піскен еттерін шығарып, ошақ қазып, қазанға са- лып жылытып жейді. Бейтаныс жігіт те анандай жерге тоқтап, атынан түсіп, жайғасады. Бірақ шақырусыз асқа келмейді. Асын жеп, сорпасын ішіп, әңгімелескен батыр- лар адамның баласы ғой деп, астың орта табағын жігітке қалдырып, түннің бір уақытында ұйқыға кетеді. Жігіт те өзіне тиесілі астың жартысын жеп, бөлектеу барып жа-


тып, ұйқыға ден қояды.


Ертеңгісін тұрған үш батыр жан-жағына қараса, бей- танысқа қалдырылған түндегі тамақтың жартысы ғана түгесіліпті. Мұны көріп: «Ау, мынау бір жасық, батым- сыз, ынжық пенде болды ғой» деп санайды батырлар. Со- нан соң ең болмаса аттарымызды күзетер деген оймен әлгі бейтанысты жандарына шақырып алып, аттарын тапсы- рады. Сөйтеді де олар: «Мынау алдымыздағы шатқалдан


«Жәнібек» деген дауыс шықса, аттарды тезірек жеткізе- тін бол», – дейді.


Батырлар біртіндеп шатқалға түсе бастайды. Шатқал жоңғарлардың барымта жылқыны қамайтын орны болса керек, тұйық бір түкпір екен. Сырт көзге аса байқалмай- тын қараңғы қуыста көп жылқы қамалыпты. Ал мал болған жерде күзетшілерінің де ұзап шықпайтыны бел- гілі. Айтқанынша болмай, жылқыны қарауылдаған топ кездесе кетеді.


 


Соғыс кезінде жекпе-жекке дәстүр бойынша жасы кішісі шығуы керек. Сондықтан жоңғардың батырымен шатқал ішінде айқасуға Жәнібек бет алады. Қасындағы Қаракерей Қабанбай батыр: «Жәнібек!» деп қатты дауыс- тап жібереді. Шақшақ Жәнібек мұндайда есімі аталған сәттен күші еселеніп, қозып, қайраты тасып жігерленіп кететін. Сол әдетімен атын ести сала қалмақтың баты- рын алып ұрып, жан тәсілім етеді.


Осы сәтте уәде бойынша батырлардың атын жетек- теп бейтаныс жігіт жетеді. Батыры өлген соң қалмақтар жан-жаққа қашып, Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек үшеуі жылқыны айдап елге қайтады. Үш батыр аздаған болса да еңбегі бар ғой деп, бейтаныс жігіттің алдына бір үйір жылқы салып береді. Бұрын-соңды мұнша көп мал бітпе- гендіктен бе, кім білсін, есі шығып, асып-сасқан бейтаныс осыншама олжа ұсынғандардың кім екенін сұрамастан, жылқыны қуып жөнеледі. Алайда, сәл ұзап шыққан соң жігіт ойға қалады. «Апырмай-ау, осыншама байлыққа ие болатындай жөнім де жоқ. Батырлар деген соң қызықтап соңдарынан еріп едім. Жақындауға батылым жетпеді. Құдай нәсіп қылсын! Қалай дегенде де ертеңгі күні біреу- міреу ұрлап алдың деп пәле жапса не деймін? Кім берді де- ген сұрақ та қойылуы әбден мүмкін» деген оймен атының басын кері бұрып, «достарын» іздейді. Шапқаннан шау- ып отырып біраздан соң ол Жәнібек батырға жолығып, бар жағдайды айтады. Сонда батыр:



  • Енді байқадым, сен көрсоқыр, ынжық емес екенсің, саңылауың бар жігітке ұқсайсың. Егер айналып кеп, жөн сұрамай кете бергеніңде қазақтың тағы бір әйелі ұл туар деп найзаға шаншып кетпек едім. Ол райымнан қайттым. Ал енді дұрыстап ұғып ал. Еліңе жылқыны Қаракерей Қабанбай батыр берді деп айта бар, – депті.


Сонда барып қуанған бейтаныс жігіт атына қамшы басыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу