Аңыздар ✍️

  24.01.2022
  188


Автор: Қазақ жерінің 100 аңызы

ҚЫЗЫЛ КЕНІШ САРАЙЫ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Кен болысының, Қарқаралы уезіндегі, Қызыл кеніш бұлағына жақын жерде белгісіз бір ғимараттың үйіндісі кездеседі. Жергілікті халықтың әңгімесіне құлақ түрсек, ол Кент сарайы деп аталады екен. Бұл шағын ғимараттың ені мен ұзындығы бес құлаштан аспайды. Үш жағынан, солтүстік, шығыс және батыс жағынан ғимаратқа шағын тікбұрышты құрылыс бар. Бұл құрылыстардың сыртқа шығатын жері жоқ. Кент сарайы орналасқан жер шағын аңғар, таулармен қоршалған. Олардың оңтүстік беті қырлы болып келген, ал солтүстік батысында Талды өзеніне өтетін өткелі бар. Оңтүстік беткі жағында жемістер өседі. Жазықта, оңтүстік жағында қайыңдар өседі, олар тауға жақын болғандықтан сиректеу өскен. Қызыл кеніш сарайы сырттан қарағанда төмпешік болып көрінуі мүмкін, өйткені оның ортасында төртбұрышты ойығы бар, яғни бұрынғы тастан қаланған екі қабат үйдің орны. Үйдің негізгі бөлмелеріне үш жағынан жапсыра салынған қосымша бөлмелері бар, олар бір-бірімен ішкі есіктер арқылы жалғасады. Үйдің оңтүстігінен кіретін жағының ені бір жарым метр , биіктігі екі метр . Оның жоғарғы жағында балкон тәріздес алты діңгекпен тірелген қалқан бар. Қорғанның оңтүстігінде жиырма бес метрдей жерде жекелеген оба тәріздес молалар кездеседі. Қызыл кеніш сарайы туралы түрлі аңыздар айтылады.
Кейбір аңыздарда бұл ғимараттың Ақпай деген кісіге тиесілі екені айтылады. Ол жүз елу жылға жуық оның руының иелігінде болған.
Ақпайдың айтуы бойынша, оның бабасы Бөкей хан осында бірінші келген, сарайды бұзылған күйі көрген; бұл үй екі қабатты, жиырма бөлмесі болған, Ақпайдың атасы – Жолды және әкесі Сейілхан бұл сарайда қолайсыз ауа райы кезінде мал ұстаған. Шынында оның қандай үй болғанын зерттеу жүргізілмейінше айту қиын, бұл құрылыстың қазақтікі емес екені анық. Мұндай құрылыс өзге жерлердегі қазақтарда кездеспейді. 


Ал құрылысқа қатысты мынадай да аңыздар бар.
Қалмақтар мен қазақтардың күресі кезінде қалмақ Айда батыр Қосан-Серен ханның қызын жақсы көріп қалады. Бірақ Қосан-Серенхан қызын өз еркімен бермеген соң, батыр оны қырық нөкерімен бірге ұрлап кетеді. Жазыққа түссе қазақтарға кезігіп қалуы мүмкін. Сол себепті бағытты Кент тауына қарай бұрады. Күндер өтіп жатты. Қыс мезгілі де тақады. Суықтан қорғану үшін Айда батыр өзіне арнап, сарай салғызады. Қазақтармен болған ұрыста жеңіліс тапқан батырдың ағасы Тілеуке де Кент тауын паналайды. Осында келіп, өзінің інісін кездестіреді. Ағасы Айда батырды жауға қарсы шайқасуға шақырады.
Өз сүйгенімен бақытты ғұмыр кешіп жатқан батыр «Ерте ме, кеш пе, бір ажалдың келері анық, одан да соңғы минуттарым жеткенше, бақытты ғұмыр сүрейін», -деп, ағасының ұсынысын қабыл алмайды.
Інісінің сөзіне ашуланған Тілеуке оны нөкерлерімен, отбасымен бірге қырып салады.Өзі әскерлерімен бірге соғысқа аттанып, ақырында жеңіліс табады.
Қаншама қазба жұмыстары жүргізілсе де, сарайдан Айда батыр мен Ляуканың алтындары мен күмістері, бағалы бұйымдары табылмады. Бұл жерде әлі де археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуі
тиіс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу