22.11.2021
  279


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

БЕСІК ТОЙ

Нəрестенің кіндігі түскен соң, оны бесікке салып, көрші-қолаң, туыс-туғандардың əйелдерін түгел шақырып, «бесік той» жасайды. Ал, той жасауға жағдайы келмегендер, өз əлдеріне қарай баласын қуа-


на-қуана бесікке салады.


Қалыптасқан қазақ салты бойынша баланы бесікке ауылдағы жолы, жасы үлкен, үлгі-тағылымды, балалы-шағалы əйелдің бірі салады не- месе білікті, өнерлі, ел-жұртқа сыйлы əйелдердің біріне баланы бесікке салуына үлкен кісілер жол береді. Баланы бесікке салатын адам алдымен бесікті аластап, «бісміллə» деп жөргегін салады, бесіктің тү- бекқояр тесігінен «тышты ма» ырымын жасап, онан соң түбегін са- лып, бесікті жасап, сəбиді бесікке салып: – ағаш бесікке түстің, адам қатарына қосылдың; ата-анаңа опалы, ел-жұртыңа қайырлы азамат бол! – деп игі тілек білдіріп бөлеп тастайды. Баланы бесікке салған əйелге баланың анасы сый-сияпатын жасайды.


Баланы бесікке салып, бөлеп болған соң, келген қонақтар тойға əзірленген ас-тағамдардан дəм татып, əзілдесіп, өлең айтып, көңіл кө- теріп қайтады.


Бесік тойға келгендер сəбиге арнап көйлек-көншек, шашу апарады.


Жанкүйер туыстары қой-қозы, тай-тайынша атайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу